Торегали Тореали — «Казак кызга уйленем», текст песни (слова)

4087

⇒ Все тексты песен Торегали Тореали.

Текст песни — Казак кызга уйленем, Торегали Тореали

Аты жөнім болады – Төреғали Төреәлі,
Жүрегімнің жартысын көрген жоқпын мен әлі.
Қыздар маған қосылмай қарайтындай досындай,
Үйленбегем негізі, түрім өзі осындай.

Қайырмасы:
Ех, жаным, қыздар ай,
Жас жүрегім сыздады ай,
Сыздатуға жүректі
Неге құмарсыздар ай.
Ғашық шығарсыздар ай.

Орыс қызын сүйген ем, ақыл айтып Мишекең,
Әдетіне төзбедім ерін төстеп билеген.
Үнді қызын сүйген ем, кездескенде киномен,
Есімінен шатасып Гита, Зита дей берем.

Қайырмасы:
Ех, тілімен түйреген,
Қабақ шытсам күйреген,
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем.

Еріндері кеседен
Басқа жерге тимеген,
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем.

Қытай қызын сүйген ем, көптігінен именем,
Қайынжұртым кеп қалса, сыймаймын ғой үйге мен.
Өзбек қызын сүйген ем, күнде биге сүйреген,
Билегені – демалыс, демалы – күй, өлең.

Қайырмасы:
Ех, тілімен түйреген,
Қабақ шытсам күйреген,
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем.

Еріндері кеседен
Басқа жерге тимеген,
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем.

Қыздар маған сенбейді, сенбеген сон тергейді,
Тергеуші қыз алдында ақталғым да келмейді.
Мың жүректі сыздатып, мың жүректі мұздатып,
Ең соңында сыйлаймын бір жүрекке шын бақыт!

Мың сұлудың қиялы
Телефонда ұялы,
Әрі кетсе жүрекке
Төрт-ақ ару сыйады.

Смотреть видео клип или слушать: Торегали Тореали — «Казак кызга уйленем»

ПОДЕЛИТЬСЯ

Комментировать

Please enter your comment!
Please enter your name here